СОВЕЩАНИЕ ПРИ ДИРЕКТОРЕ

29.09.2026

📌 ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС

2026 жылғы 29 қыркүйекте «№ 2 мектеп-лицейі» КММ-де директор жанындағы жоспарлы кеңес өткізіліп, білім беру үдерісін ұйымдастыру мен мектеп қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында: 🔹 мектептің Ішкі тәртіп қағидаларымен таныстыру; 🔹 балалар жарақаттануының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау айлығының қорытындылары; 🔹 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының өткізілу барысы және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға материалдық және қаржылық көмек көрсету; 🔹 білім алушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі және оқу әдебиеттеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру; 🔹 білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген нөлдік бақылау жұмыстары мен бастапқы диагностиканың қорытындылары; 🔹 2026 жылғы қыркүйек айындағы электрондық журналды уақтылы әрі сапалы толтыру мониторингінің нәтижелері; 🔹 педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын өткізу тәртібі; 🔹 мектептің 2026 жылғы қазан айына арналған жұмыс циклограммасын бекіту; 🔹 Ұстаздар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Кеңесте білім алушылардың бастапқы диагностика нәтижелерін талдауға, білім сапасын арттыру бойынша алдағы міндеттерді айқындауға, сондай-ақ орындаушылық тәртіп пен жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуына ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша нақты міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді. Директор жанындағы кеңес әкімшілік пен педагогикалық ұжым жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз етуге, ағымдағы мәселелерді жедел шешуге және қазан айына арналған басым міндеттерді айқындауға бағытталды. #МектепЛицей2 #Көкшетау #ДиректорЖанындағыКеңес #БілімБерү #БілімСапасы #ПедагогикалықҰжым #МектепӨмірі

Просмотров: 17


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу