Ағымдағы жылдың ақпан айында №2 мектеп-лицейінің 1-11 сыныптарында "4 ақпан-қауіпсіз ғаламтор күні" тақырыбында жалпы сынып сағаты өтті.

03.02.2026

Ағымдағы жылдың ақпан айында №2 мектеп-лицейінің 1-11 сыныптарында "4  ақпан-қауіпсіз ғаламтор күні" тақырыбында жалпы сынып сағаты өтті. Аталмыш сынып сағатының басты мақсаты: оқушыларға ғаламтор туралы маңызды ақпарат бере отырып, әлеуметтік желідегі қауіпттерден  сақтандыру. Сыни және академиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Сынып сағаты барысында білім алушылар:
* әлеуметтік желілердегі қауіпсіз байланыс ережелері;
* жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы;
* ғаламтор қауіптері мен кибербуллингтің белгілері;
* жалған ақпараттан сенімді ақпаратты қалай ажыратуға болады сынды сұрақтарды өзара талқылады. 
Оқушылар сынып сағатына белсенді қатысып, риторикалық сұрақтарға ашық жауап берді. Өмірлік жағдайлардан жан-жақты мысалдар келтіріліп, цифрлық ресурстарды қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Просмотров: 179


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу