"Кешіруді үйренеміз"

Өзін өзі тану апталығы аясында 2"З" сыныбында "Кешіруді үйренеміз"  тақырыбында сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Жалпыадамгершілік құндылық арқылы  "Кешірім" туралы түсініктерін кеңейту. Сабақта оқушылар " Кешіру" дегеннің не екенін түсінді. Оқушылар әртүрлі жағдаяттарды рөлдік ойындарда сомдай отырып, ұрыспай, тату болуға үйренді. Сиқырлы гүлді мейірімді сөздер жазылған жапырақтармен жинақтауға негізделген  шығармашылық жұмыс балаларға өте ұнады. Бастысы, балалар кешірім мен бейбіт өмір сүру керектігін түсінді.