11-сынып оқушылары «Білімді Келешек III» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты
11-сынып оқушылары «Білімді Келешек III» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты
2026 жылғы 23 қазанда Көкшетау қаласындағы № 2 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары «Болашақ» сарайында өткен «Білімді Келешек III» халықаралық білім беру көрмесіне барды.
Іс-шараға баруды Жастар саясатын қолдау орталығы ұйымдастырды.
Көрме барысында жоғары сынып оқушылары білім беру бағдарламаларымен танысып, түрлі мамандықтар, оқу орындарына түсу шарттары және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Көрмеге қатысу оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, білім алу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуге және болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беруге ықпал етті.
Осындай іс-шаралар түлектердің болашақ білім алу бағытын саналы түрде таңдауына және кәсіби өмірге дайындалуына мүмкіндік береді.
