директордың орынбасары Кумарованың Б.И. мақаласы
Кумарова Б.И.
Ақмола облысы Көкшетау қаласының
«№2 орта мектеп-лицейі» КММ
директордың оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
«Әрбір адам туғаннан бастап өзіне берілген қабілеттерді жүзеге асыруы арқылы тек туған елімізге ғана емес, Жер бетіндегі барша адамзатқа пайдасын тигізуі үшін , біз қоғамымызда рухани – адамгершілік құндылықтарды білім арқылы жандандыруды қалаймыз… »
С.А.Назарбаева
Көкшетау қаласының №2 орта мектеп-лицейі үшінші жыл бойы «Өзін-өзі тану» бойынша пилоттық жобада жұмыс істеп келеді. Пилоттық жобаны асыру үстінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасын интеграциялау бойынша педагогикалық қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын мектеп директоры Абдыкасымова Г.Ж. бастап 22 мұғалім «Өзін-өзі тану» бойынша біліктілік жоғарлату курсын өтті, оның ішінде: 7 мұғалім - «Бөбек», 13 мұғалім – «Өрлеу».
«Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға әдістемелік басшылық жасау» үстінде көптеген іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде ең алғашқы педагогикалық кеңесте мектеп басшылығы жобаның мақсатымен мазмұнына педагогикалық ұжымға бағыт-бағдар беріп жұмыс жоспарымен таныстырды. «Өзін-өзі тану» мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі мектеп мұғалімдерімен тренинг өткізіп ұжымды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің негізі маңызы зор екенін айқын ашып қорытындылады. «Оқушылардың Өзін-өзі тану пәнінен танымдық қызығушылығын дамыту оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту» тақырыбында семинар өтті. Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сагиндыкова К.Х. “Жалпы адамзаттық құндылықтар концепциясы» тақырыбында Алматы қаласынды Бөбек орталығында өткен семинар жөнінде өз ойын жеткізді. Жаратылыстану пәнінен интеграция сабағында ақиқат құндылығын қолданылғаны жөнінде айтты. Мектеп ұжымы «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруда білім мен тәжірибелік дайындығымен қамтамасыздандырады және болашақ педагогтың тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғыдан өзгертуге ықпал етуде.
Жалпыадамзаттық құндылықтар бағытында оқытуды жетілдіру үшін педагогтардың мақсатты ынтымақтастығын ұйымдастыру негізінде педагогикалық және әдістемелік кеңестерде: «Жалпыадамзаттық құндылықтарды мазмұнға енгізіп, сабақ жоспарлау», «Өз тәжірибесін рефлексиялау және зерделеу үдерісіне белсенді қатысатын мұғалімдердің зерттеу мәдениетін жетілдіру» коучингтар өткізілді. Бағдарлама мазмұнын әзірлеу үшін мектеп мұғалімдерін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер және педагогтардың біліктілігін артттыру курстарын өтті.
Математика, физика, химия, биология, география, информатика, тарих пән мұғалімдері Абдыкасымова Г.Ж., Левицкая О.В., Жақсыбергенова Б.Қ, Алимов М.Т., Тюлеубекова Р.К., Чернышова О.В., Шахметова Б.К., Башинский А.А., Жуманова А.К., Сагиндыкова Қ.Х., Купеева А.Қ., Кажимова А.Б., Иконникова А.С., Казбекова П.Т. өз сабақтарында жалпыадамзаттық құндылықтарды еңгізіп білім нәрін беруде.
Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің инновациялық тәсілдері негізінде мектепте оқу-тәрбие үдерісі, ата-аналардың қоғамдастығын адамгершілік-рухани ағартуда ата-аналардың қатысуын жандандыру өткізілуде және тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мақсатында қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен, әлеуметтік институттармен серіктестік орнату жүргізіледі.
Біздің мектебімізде сыныптан тыс жұмыстардың құндылығын байыту жолында қосымша білім беру жүйесі орын алуда. Олар, сабақтан тыс іс-шаралардың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау; білім алушыларда өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын жүйелі дамыту; әрбір оқушының өзінің ішкі дүниесін сезінуге және өзінің даралығын ұғынуға көмектесуге; өмірлік маңызды құзырлықтың мақсатты дамуы арқылы үйлесімді тұлғаның қалыптасуына көмектесу; оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде әлеуметтік бағытталған жобалық қызметті пайдалану.
Мектепте барлық іс-шаралар алғашқы күндерден бастап жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік призмасының негізінде өткізіледі, олар мектептің өзіндік авторлық іс-шаралар: «Әкелер одағы», «Дочки-матери» сайысы, «Слет отличников», «Мистер Интеллект», «Миссис Интеллект», «Благотворительный новогодний утренник», «Мистер Благородства», «Мисс доброта», «Олимпиада политических знаний», «Ораторское исскуство», сонымен қатар қарттар күніне арналған іс –шаралар, «Ертегілер сайысы», «Шахмат», Хореография, Робототехника, ғылыми жоба сайыстары, «Экспедиция по сакральным местам».
Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде мектептің мұғалімдерімен оқушылары жоғары жетістіктерге ие болды.
Өзін-өзі тану оқушылардың бойына жалпыадаматтық құндылықтарды себудеміз, болашақта әлі де көптеген осы бағытта жұмыстар атқарылады, бұдан да биік жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін.