Оқушылар үшін емтихандар жайлы

11 сынып оқушылар үшін емтихандар  жайлы   қысқаша:

 

1. Ана тілі. Эссе жазу үшін  ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 250-300 сөзден, қоғамдық-гуманитарлықбағыт бойынша 300-350 сөздентұруықажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша  дәлелдер мен дәйектер келтіріп,  өзпікірін,  негізгі  идеясын  жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндейбілуіқажет.

 

2. Алгебра және анализ бастамалары. Емтихан  жұмысы екі бөлімнен тұрады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін:  А бөлімі бес ұсынылған жауапты ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады;  В бөлімі толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 6 тапсырмадан тұрады.

3. Қазақстан тарихы. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашықтүрдегі  3 тест тапсырмасы.

 

4. Орыс, өзбек, ұйғыр және  тәжіктілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде  оқытатын  мектептерде  орыс тілі. 

Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан  тұрады:

Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),

Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашықтүрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);

 

5. Таңдау пәндері бойынша:

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүние жүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс  жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.

 

Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері). Тест 2 блокқа  бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:

Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),

Оқылым (бірдұрысжауаптытаңдауғаарналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашықтүрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);

Информатика. Тест 17 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, бір немесе бірнеше дұрыс  жауапты 5 тест тапсырмасы  және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған 2 тапсырма.

 

 

9 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау

мынадай нысандарда өткізіледі:

 

1) қазақ/орыс тілі жәнеөзбек/ұйғыр/тәжіктіліндебілімберетінмектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:, гуманитарлық цикл пәндерінтереңдетіпоқытатынмектепоқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыржәнетәжіктілдеріндеоқытатынсыныптардағықазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан жәнеқазақтіліндеоқытатынсыныптардағыорыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

      4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан