Көкшетау қаласы №2 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің 2021-2022 оқу жылына есебі

 

   Қазақ бастауыш әдістемеліктің тақырыбы «Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдересіне енгізуді жалғастыра отырып, бәсекегеқабілетті ұрпақ тәрбиелеу». Мақсаты «Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру». Әдістемелік кеңестің өзекті мәселесі «Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы зерделі тұлғаны қалыптастыру». 

Мақсаты

• Мұғалімдерді жаңа бағдарламамен таныстыру;

• Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;

• Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;

• Мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс-әрекетке бейімдеуге үйрету;

• Үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;

• Мұғалімдердің өзін- өзі жетілдіруіне баса назар аудару;

• Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену);

Міндеттері:

• Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

• Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

• Пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;

• Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету

• Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар ұйымдастырып, олардың лицейдегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;

• Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

• Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.

     Осы мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып әдістемелік бірлестік мүшелері проблемалық тақырыптары бойынша жұмыс жасап жатыр.

Бастауыш сыныпта – 11 мұғалім

Зерттеуші – 3

Сарапшы-3

Модератор- 3

Бірінші санаты-2

1,2,3,4 сыныптарда мектепішілік барлық пәннен олимпиада өтті. Оқушылар олимпиадаға белсене қытысты. Барлық оқушылар жүлделі орынға ие болды.

Мұғалімнің 

аты-жөні

қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыс,олимпиадалар

 

Акипова Қайнигуль Иманмаликовна

«Білім турнирі» қалалық олимпиадасының  «Математика» пәні бойынша  3 «А» сынып оқушысы Амантаев Мадияр 2-дәрежелі дипломмен марапатталды

 

 

Кажимуратова Асем Лябаповна

«Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылығы көрме-байқауының  қалалық кезеңінде  «Тұрмысқа арналған кретивті бұйымдар» номинациясында 3- орынға ие болған Ыдырыс Айзере

 

 Альжанова Бакыт Каирбаевна

 

«Абай оқулары» қалалық байқауында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 4 «А» сынып оқушысы Қуатқызы Ясмина 2-дәрежелі дипломмен марапатталды

 

 «Мен көркем жазамын» атты  қалалық байқауында  4 «А» сынып оқушысы Тәждәулет Інжу 3- дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Уалиева Гульмира Жылкыбаевна

Құрмет грамотасы Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы

 

 

    Әрбір бірлестік отырыстарында өзара дәптерлер тексеру, бақылаулардың нәтижелерімен танысып, нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүйесін талқылап отырдық. Тоқсан сайын параллель бойынша бақылау кесінділер және оқу жылдамдықтары алынып отырды. Апта сайын саптүзеуде кезекші сынып бастауыштың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталып отырды.

     Барлық ұстаздар әр сабақтарын жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана білді. Әр ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалды кеңінен, тереңінен түсіндіру, оқушылардың танымдылық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсаттарына жетті.

   Келесі оқу жылында  сабақта оқыту технологияларын қолдана отырып, оқушылардың тіл дамытуын жетілдіру. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және ой өрісін дамыту. Оқушыларды тәрбиелеу және оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникативті технологияны енгізу, оқып-үйрету мақсаттары  қойылды.

 

 

ӘБ жетекшісі:  Кажимуратова А.Л