Бибисары Асаубаеваның кубогы үшін әлемдік деңгейдегі Фестиваль
2023 жылғы 19-25 сәуір аралығында Астана қаласында Қазақстандағы бірінші әлем чемпионы Бибисары Асаубаеваның кубогы үшін әлемдік деңгейдегі Фестиваль өтті. Онда Қазақстанның 300 баласы жарыса алды. Сондай-ақ, Satty Zhuldyz фестиваліне әлемдік үздік шахматшы гроссмейстерлер қатысты. Балалар олармен бір уақытта ойын сеансын ойнады. Мектебіміздің 4-сынып оқушысы Болат Амир рапид пен блицтің екі түрі бойынша 6/9 және 6/11 ұпай жинады. Фестивальде алдыңғы қатарлы орынға ие болып, ақшалай сертификат алды.
Тренер: Бигожин К.Т.
Құттықтаймыз!!!
#шахматфестивалі


