Абай Құнанбаевтың 175-жылдығы




6 ақпан күні, №2 орта мектеп-лицейінің 10 «А», «Ә» және «Б» сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шараға қатысты. Іс-шара М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасының шетел әдебиеті бөлімінің қолдауымен үш тілде өтті. Балалар белсенді қатысып, қазақ даласының ұлы жазушысы Абай Құнанбаевтың өмірі туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Мұғалімдер: Тимченко О.Ю., Сыздыкова А.А.